Медиация сұрақтары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотында судьялар арасында «Медиация туралы» Заңының қолданылуы мәселелері» тақырыбында, сонымен қатар медиация бойынша пилоттық жобаның қолданылуына қатысты сұрақтарды талқылау бойынша семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға қатысушы судья М.М.Амиров кездесуді аша отырып, сотқа дейінгі дауларды реттеуде медиацияның маңыздылығы мен қолданылуын атап өтті.

Судья Д.А. Сарсекеева «Медиация туралы» заңды түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жасалғанын, медиация институты халық арасында кеңінен қолданыла бастағанын айтып, медиация рәсімдері туралы мен оны өткізу техникасын түсіндірді.

Қатысушылар сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі