«Медиация жанжалдарды реттеудің заманауи технологиясы» - тақырыбына дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында «Медиация жанжалдарды реттеудің заманауи технологиясы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға сот төрағасы м.а. судья Ушбаев Е.М., сот кеңсе қызметкерлері, кәсіби медиатор А.Б.Макажанова, кәсіби  емес медиатор Г.Серикбаева қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстел аясында төраға м.а судья Е.М.Ушбаев соңғы жылдары қоғамдағы үнемі дамушы демократиялық үрдістермен, заңнаманы жетілдірумен, қоғамның барлық субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының соттарында жұмыстың көбейгенін айтып өтті. Осындай жағдайларда татуластыру рәсімдерін қолдану және дамыту өзекті болып табылатынын мәлімдеді. Қоғам даудың тек сотта ғана емес, сондай-ақ сотқа дейін шешілуіне мүдделі. Сондай-ақ, медиацияның түсінігі мен қағидалары, судья медиатордың рөлі туралы айтып өтті.

Татуластыру рәсімдерінің институты азаматтық-құқықтық дауларды реттеу тәсілі ретінде қоғамдық өмірде маңызды рөл атқарады. Медиацияны қолдану серіктестік байланысты күшейтуге ықпал етеді, ұзақ әрі қымбатқа түсетін сот үрдісін болдырмауға мүмкіндік береді, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

Сонымен қатар, медиация сот ісін жүргізудің тиімділігіне жақсы әсер етеді, себебі соның арқасында сот жұмысы біршама азаяды. Өз кезегінде сот тараптардың сот процесінің барлық кезеңінде дауды реттеуіне жәрдемдеседі.

Дөңгелек үстел барысында қатысушалар өзара пікір алмасты, сондай-ақ берілген тақырыптың күрделі мәселелері талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қаралды.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі