Мектеп директоры сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аз.Ж. ауылдық мектеп директоры бола тұра,  қызмет бабын пайдалана отырып, 2017 жылдың бірінші жартысында КММ -да отбасы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасасуға жәрдемдесу үшін азамат А.–дан 414 000 теңге көлемінде елеулі мөлшерде ақшалай  пара талап еткендігі сотпен анықталған. Ол пара алу үстінде Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен ұсталған. 

Сот үкімімен аз.Ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру және қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алынған меншік мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыра отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Сотталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі