«Мемлекеттік тілді дамыту» бойынша семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабақты судья Жабықпай Т. ашып, мемлекеттік тілді дамыту әр азаматтың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің міндеті және қастерлі борышы екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен мәні туралы, «Мемлекеттік тілді дамыту Бағдарламалары» жобасының табысты түрде іске асырылып отырғаны туралы, сондай-ақ  еліміздегі төзімділіктің, өзара түсінушіліктің дами түскенін және барлық еліміздегі ұлттардың тілдері мен мәдениеттінің сақталып отырғанын айтты.

Семинардың жұмысын қорытындылай келе мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша, мемлекеттік тілде сот іс қағаздарын және сот актілерін ресімдеу сапасын жоғарылату туралы ұсыныстар назарға алынды.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі