Октябрь ауданының №2 аудандық сотында маңызды сұрақтар бойынша кезекті семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Сот актілерін әзірлеуге Үлгілік ережелерді зерттеу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Судья О.Ю. Цай өз баяндамасында: «Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Сот төрелігі актілері мемлекет атынан шығарылады. Осыған байланысты кез келген сот актісі тек заңдық тұрғыдан емес, тілдік сауаттылық тұрғысынан да мінсіз болу керек»-деп көрсетті.

Баяндамашымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде, Жоғарғы соттың 2002 жылдың 15 тамызындағы № 19 «Сот үкімі туралы», 2003 жылдың 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы», 2003 жылдың 20 наурызындағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының қолдануы бойынша», 2004 жылдың 26 қарашасындағы № 18 «Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік актілерінде қамтылған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізу құжаттарын дайындаудың негізгі талаптарын белгіледі.

Сот актілерін әзірлеу кезінде Үлгі ережесінде көрсетілген техникалық жобалау ережелерін зерделеуге ерекше назар аударылды.

Сот судьяларымен сот актілерін дайындаудағы негізгі проблемалары мен қателіктері талқыланды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі