Партисипативті рәсім тәртібі арқасында отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Б. жауапкер Б.-мен арадағы некені бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды партисипативті рәсім тәртібімен шешу туралы келісімге келді.

Рәсім нәтижесінде тараптар дауды партисипативті рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарты бойынша талапкер отбасын сақтап қалу мақсатында жауапкермен некені бұзу туралы талап арызынан бас тартты. Аталған келісім сотқа ұсынылып, тараптар келісімді бекітуді, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Сот, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім партисипативті рәсім тәртібімен сот талаптарына сәйкес адвокаттардың қатысуымен жүргізілгенін, кімде-кімнің құқықтарына, еркіндігі мен заңды мүддесіне зиян келтірмейтінін ескере отырып, оны бекітті және іс бойынша өндірісті қысқартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі