Полиция қазметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Теміртау қаласының тұрғыны азамат Қ. қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  667 бабының 1 бөлігімен  іс қаралды. Азамат Қ. аулада достарымен бірге ішімдік ішіп тұрған. Полиция қызметкерлері келгенде олар кете бастады. Полиция қызметкері азамат К.-ға тоқтауын сұрағанда, ол қаша бастаған. Оны құып жеткенде, абайсызда оның шынтағы полиция қызметкерлерінің бірінің жақ сүйегіне тиіп кеткен.  

Сөйтіп, азамат К. полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағн, осы әрекеттерімен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындады.

Сот, азамат К.-ны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 45 380 теңге мөлшерінде  әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі