Пресс-служба Жанааркинского районного суда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында судья-медиатор Баубеков Абай Отыншиевич пен кәсіби емес медиатор Ахмедин Мэлстің қатысуларымен «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді.

Іс- шараның мақсаты азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиация институтын қолданудағы әрекет етуші заңнамаларды түсіндіру болатын.

Судья-медиатор Баубеков А.О. пен кәсіби емес медиатор Ахмедин М. іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Дау-жанжалдарды сотқа дейін шешу тәжірибесін дамыту мәселелері қарастырылды.

Шара шеңберінде азаматтарға тегін кеңес беру ұйымдастырылып, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріліп, оларға медиацияны  дамытудың жолдары мен мақсаты, сонымен қатар даулар мен жанжалдарды шешуде медиация институтын қолданудың  тиімділігі түсіндірілді.

Источник: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі