Сатпаев қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында төраға Е.С.Сексеновпен «Медиация күні» қарсаңында кәсіби медиатор Есмурзина Ж.А., прокурорлар Накишев Ж.О., Абикенов М.Е. қатысуларымен  «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында төраға Е.С.Сексенов және кәсіби медиатор Ж.А.Есмурзина: «Медиация- жанжалды шешу кілті, дауларды реттеу баламасы, сотқа дейінгі дауларды шешу, екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу. Медиация дау-жанжалдарды сотқа дейін шешу арқылы даулардың санын азайтады, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді»- деп атап өтті.

Іс-шара соңында төраға мен медиатор қатысушы азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы