Шет аудандық соты үш азаматты қарақшылық жасағаны үшін соттады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз.А, С және Қ. қатысты ҚР ҚК-нің 1,4 тармақтары, 2 бөлігі 192 бабымен (Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

А, С, и Қ. қасақана бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тегіс ұңғылы, бір ауызды аңшылық қаруын қолданып қарақшылық жасаған. Олар жолдың шетінде тұрған автокөлікке келіп, ішінде отырған екеуге шығуларын талап еткен. Оларды соққыға жығып, жоғарыда аталған қарумен қорқытып, ақшаларын, ұялы телефондарын, жанармай және дизельдік жанармай талондары мен банктік карточкасын жымқырып алып кеткен.  

Осының салдарынан жәбірленушілерге жалпы құны 325 040 теңге мүліктік залал келтірілген, атап айтқанда жәбірленуші И. жалпы құны 111 290 теңге, ал жәбірленуші Г. жалпы 213 750 теңге мөлшерінде.

Дене жарақатын алған жәбірленушілер Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жүгінген.

Сот отырысында іске қатысушы прокурор, сотталушылар, жәбірленушілер процессуалдық келісім жасасты.

Сот үкімімен жоғарыда аталған сотталушылар кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны ҚАЖ-нің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін, қылмыстық құқықбұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктерін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот шығындары – 79 734,31 теңге сотталушылардан мемлекет пайдасына ынтымақтастық жолмен  тең мөлшерде өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі