Шетел азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Өзбекстан азаматы ҚР-ның аумағына келіп, Жезқазған қаласына тіркелгенімен, Қарағанды облысы бойынша Жезді кентінде тұрып, жұмыс істеп жатқандығы анықталды.     

Осы әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркелген кезде көрсетілген мекен-жайға іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің сәйкес келмеуінен туындаған Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.

 Сот қаулысымен Өзбекстан азаматы  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 34 035 теңге көлемінде  айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі