Шығын регресс тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ы сотқа арызбен жүгініп, 31 желтоқсан 2016 жылы жауапкер А. өзінің «ВАЗ 2105» маркалы автокөлігін АҚ-да сақтандырғандығын, 29 қаңтар 2017 жылы жауапкер А., аталған көлікті басқару кезінде, азамат С-ның басқаруындағы көлікті соғып, жол көлік оқиғасына ұшырап, соңғыға 183 966 теңге материалдық шығын келтіріп, оқиға орнынан жасырынғандығын негіздеген.

«Қазақмыс Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы сақтандыру шарты бойынша бұл оқиғаны сақтандыру жағдайы деп танып, «Volkswagen Golf» автокөлігінің иесіне өз меншігінің шығынын өтеу үшін 183 966 теңгені құрайтын соманы төледі.

Сот отырысында талапкер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 931 бабының 1 тармағына сәйкес, шығынды регресс тәртіпте өндіріп беруді сұрады.

Ұлытау аудандық сотымен талап арыз толығымен қанағаттандырылып, материалдық шығын регресс тәртібінде өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі