Шығын регресс тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ы сотқа арызбен жүгініп, 27 қаңтар 2017 жылы жауапкер Б. өзінің «Opel Frontera» маркалы автокөлігін АҚ-да сақтандырғандығын, 28 ақпан 2017 жылы жауапкер Б., аталған көлікті басқару кезінде, азамат А-ның басқаруындағы көлікті соғып, жол көлік оқиғасына ұшырап, соңғыға 476 040 теңге материалдық шығын келтірген.

«Қазақмыс Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы сақтандыру шарты бойынша бұл оқиғаны сақтандыру жағдайы деп танып, «Opel Frontera» автокөлігінің иесіне өз меншігінің шығынын өтеу үшін 476 040 теңгені құрайтын соманы төледі.

Сот отырысында талапкер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 931 бабының 1 тармағына сәйкес, шығынды регресс тәртібінде өндіріп беруді сұрады.

Ұлытау аудандық сотымен талап арыз толығымен қанағаттандырылып, материалдық шығын регресс тәртібінде өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз орталығы