Сот актілері мен хаттамаларын «Төрелік» ақпараттық жүйесіне дер кезінде енгізу мерзімдерін сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын «Төрелік» ақпараттық жүйесіне дер кезінде енгізу мерзімдерін сақтау» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Аудандық сот төрағасы Д.Қ.Бурабаев өз баяндамасында судьялар мен сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларын «Төрелік» ақпараттық жүйесіне дер кезінде енгізіп отыруды, уақытын сақтауды және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы табыс ету қажеттігін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі Тойганбекова Л.Ж. сот актілері мен хаттамаларының енгізілу жағдайы жайлы ақпарат беріп, сот қызметкерлерін заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі