Сот денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен азамат Ж. туындаған отбасылық жанжал кезінде баласының бетіне және ішіне соққы жасап, осы әрекетімен оның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-1 бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге  қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы