Сот Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің нормаларын бұзғандығы үшін ІІБ-не жеке қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты азамат С. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзуға, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) қозғалған әкімшілікті істі қарау барысында жеке қаулы шығарды.

Ұлытау аудандық ІІБ ЖПҚ бөлімінің инспекторы аталған хаттаманы толтыру барысында, ӘҚБтК-нің 803-бабының (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама) талаптарын өрескел бұзып, хаттамада құқықбұзушының  ҚР ӘҚБтК-нің қандай бабы бойынша құқық бұзғанын көрсетпеген, сөйтіп заңсыз жауаптылыққа тартқан.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі