Сот медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау аудандық сотымен  азамат Б-ға  қатысты ҚР ҚК-нің 200 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Азамат Б. Бұқар-Жырау ауданы Тасшоқы көшесінен өтіп бара жатып, Жигули автокөлігінің тұрғанын көріп, оны иеленіп, көлікті айдап алып кетті.

Жәбірленуші Т.-ға сотталушымен бітімге келу құқығы, соның ішінде медиация тәртібімен келісімге келі құқығы түсіндірілді. Тараптар медиация рәсімін өткізу туралы талап-тілектерін білдірді.

Медиация рәсімін өткізу кезінде тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды, осыған байланысты жәбірленуші Т. Б.-ға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтінішін мәлімдеді, себебі сотталушы жәбірленушіге автокөлігін қайтарып және 50.000 теңге ақшалай сомманы өтеу арқылы, жәбірленушіге келтірілген залал мен зиянды толығымен өтеп, жәбірленушінің  сотталушы Б.-ға наразылығы жоқ екенін айтқан.

Сотталушы Б. өзіне қатысты қылмыстық істің медиация тәртібімен қысқартылуына  келісті.

Б.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз-қызметі