Сот меншік құқығын тану туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында талапкер М. Қарқаралы ауданы Мәди селолық округіне қарасты «Шан» қыстағында орналасқан жылжымайтын мүліктер үй, баз, сарай, монша жер телімдерімен бірге иелену мерзімін ескеріп меншік құқығын тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта М. 17 жыл бойы осы қыстақты адал, ашық және тұрақты пайдаланып келгені, қыстақтағы жылжымайтын мүліктерге күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, оған материалдық шығындар жұмсаған анықталды. Кезінде осы жылжымайтын мүлікті атына аударып, мемлекеттік тіркеуден өткізуге мүмкіндігі болмағандықтан, М. сотқа өтінішпен жүгініп, аталмыш жылжымайтын мүлікке иелену мерзімін ескеріп, жеке меншік құқығын тануын сұраған.

Соттың шешімімен  М-ның жер телімдерімен иелену мерзімін ескеріп меншік құқығын тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі