Сот өкілдері «Отбасы күні» мерекесіне арналған дөңгелек үстел іс-шарасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұра ауданы әкімдігі ғимаратында «Отбасы күні» мерекесін атап өту мақсатында аудандық әкімдігі мен аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдер мен кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша тобының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы шеңберінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға болады» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілген болатын.

Ауқымды іс-шараға жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан. Нұра аудандық сотының атынан судья Б.А. Даупбаев пен кеңсе бас маманы Д.К. Жанабылов та белсенді араласты.

Кездесу барысында, мен аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдер мен кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша тобының қызметкері Д. Панарина дайындаған баяндамасын оқып, осы іс-шараға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе ол аудан орталығы Киевка кентінде осындай отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арнап дағдарыс орталығын ашу туралы пікіріне отырысқа қатысушылар қызу араласып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Н. Жұманов іс-шараға зор қызығушылық танытып, өз ұсыныстар мен ой-пікірлерімен бөліскені үшін алғыс айтып, осындай өзекті мәселелерге байланысты кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз – қызметі