Сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Қарағанды облысы Абай аудандық сотының ғимаратында төраға Е.Исабековпен «Сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау» тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілген. Іс-шараға судьялар, Абай ауданының ІІБ-ның бастығы С. Әлиев, Абай ауданының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің бастығы С. Смаилов, Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Б. Ашимбеков қатысты.
Отырыс барысында әкімшілік құқық бұзушылық және барлық материалдар бойынша хаттамаларды толтыру барысында заңдылықтардың сақталуы, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуде медиацияны қолдану туралы сұрақтар талқыланды.
Сотқа жолданған істер бойынша төраға рецидив қылмыстар бойынша ұйғарымның дұрыстығына көңіл бөлді.
Отырыс соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар маңызды сұрақтарды талқылап, пікірлерімен алмасты.

 

Источник: 
Абай аудандық сотының баспасөз қызметі