Сот тұтынушы құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен талапкер П.-ның жауапкер «Автомир-Центр» ЖШС-мен шартты бұзу, моральдық залалдың орнын толтыру және қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талап арызында талапкер «Автомир-Центр» ЖШС-нен Volkswagen Polo автокөлігін сатып алғандығын көрсетті. Автокөлік жарты жылдың ішінде бірнеше рет (4 мәрте) істен шыққан. Осы уақытқа дейін ақаулардың болу себебі анықталмаған және сатушымен кемшіліктер толықтырылған жоқ.

Сот отырысы барысында аталған көліктің орнынан қозғалу кезінде қозғалтқыштың өшіп қалатындығы және оталдырылмайтындығы анықталды. Автокөліктің дұрыс жүруі үшін қозғалтқыштың атқаратын рөлі ең маңызды болғандықтан, оның өздігінен істен шығуы тауардың үлкен кемшілігі болып табылады. Осыны ескере отырып, сот талапкердің заңды талабын толық қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі