Сот жол-көліктік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Павлодар облысының тұрғыны кінәлі деп танылды.

Азамат З. Қызылорда – Павлодар автожолында «Mercedes Benz» маркалы автокөлікті басқарып, алдында жүріп келген «Audi 100» автокөлігімен қақтығыс жасаған. Жол-көліктік оқиғасы нәтижесінде «Audi 100» автокөлігіне механикалық зақым, ал автокөлік иесіне материалдық зиян келтірілген. Құқықбұзушы сот мәжілісіне келмеген, бірақ істі оның қатысуысыз қарау туралы өтініш түскен, өтініште өз кінәсін мойындайтынын көрсетіп, соттан жүргізуші құқығынан айырмауды сұрады.

Сот іс материалдарын зерттеп, 15 883 теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы қаулы шығарды ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабы 2 бөлігінің талаптарына сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды есепке алып, айыппұл 30 % қысқартылды.

 

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі