Сот жылжымайтын мүлікке иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында азаматша К. Осакаров ауданының Әкімінің аппаратына қатысты мүлікке иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа 1999 жылы Молодежный аудандық атқару комитеті халық депутаттарының Кеңесімен оған бөлінген пәтер мәселесі бойынша жүгінді. Көрсетілген уақыттан бері осы пәтерде тұрады. Пәтерді заңдастыру, жекешелендіру үшін әрекет еткен, алайда пәтер коммуналдық меншік объектісі болып табылмағандықтан іске аспаған. Сот отырысында талапкер мен өкілі талап арызды қанғаттандыруды сұрады.

Сот іс құжаттарды зерттеп, талапкер аталған пәтерді меншігі ретінде санай алмайтындығын, сонымен қатар, оған пәтерден шығару туралы ордер қолданылған кезде пәтердің жеке меншік болмайтындығын, тек, жалдаушы ретінде танылатындығы белгілі болғандығын анықтады.

Сонымен қатар, талапкер ордер негізінде даулы жылжымайтын мүлікті иелік еткен, ол тұрғын үйге кіруге, тұруға ғана құқылы және бұл кезең иелену мерзіміне саналмайды.

Осы жағдайларға ескере отырып, сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі