Сотпен азаматтық іс оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты азамат Д-ның азамат К-дан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Сотпен тараптар арасында келісім жасалғандығы анықталды, шарт талаптарына сәйкес  талапкер жауапкерге қарыз берген. Алайда, жауапкер қарызды қайтару бойынша міндеттерін уақытылы орындамаған.

Тараптарға өздерінің пікірлерін негіздеу бойынша қарсылықтары мен берілген талаптарының мәні бойынша түсініктемелер мен дәлелдемелерді сотқа ұсыну үшін қараудың оңайлатылған тәртібін түсіндірумен азаматтық істі қозғау туралы ұйғарымның көшірмесі жолданған.  Жауапкермен қарызды өтегені туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.

Сот шешімімен азамат К.-дан қарыз сомасы өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі