Сотпен дауды медиация арқылы реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында арызданушы «А» ПИК жауапкер Е.-ден қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар судьяның ықпал етуімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер келісімге қол қойылғанға дейін талапкерге қарыз сомасын қайтаруға міндеттелді, ал талапкер өз кезегінде талап арыздан  бас тартты.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында дауды реттеу туралы  медиациялық келісім бекітіліп, іс өндіріспен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі