Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер П. жауапкер Е-мен мінез-құлықтары жараспағандықтан некелерін бұзуды сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін ұсынып, оны бекітуді өтінді. Соған сәйкес тараптар өзара татуласып, талапкер өзінің талап арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен аталған азаматтық іс ҚР АПК-нің 277 бабының 6 тармағына сәйкес өндірістен қысқартылады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз орталығы