Сотпен жұмыстан шығару заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық сотында талапкер М.-нің «Союз» ЖШС-не жұмысқа қайта алу, бос жүрген уақытын төлеу және жеке қорғану құралдары мен құралдарын сатып алған үшін өтемақы төлеу туралы арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Талапкер М. 1 желтоқсан 2016 жылдан бастап «Союз» ЖШС-да жұмысын бастағаны анықталды. Жаңа жылдан кейін үш ауысым жұмыс істеп, экскаваторды жанармаймен толтырудан бас тартуы себебінен жұмыстан шеттетілген.

Азамат М. жазбаша түрде жұмыс берушіге жұмыстан босатылу себебін және еңбек шартын бұзу себебін түсіндіру талабымен хат жіберді.

 Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды.

Талапкермен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылып, бұзылды. Талапкер М. «Союз» ЖШС-на экскаватор жүргізушісі ретінде жұмысқа қайта алынды.Талапкердің пайдасына «Союз» ЖШС-нан міндетті зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын ескере отырып, бос жүрген кездегі орташа жалақы 142 306 теңге сомасы өндірілді. Талап арыздың қалған бөлігінде, жеке қорғану құралдарын және құралдарын сатып алу үшін өтемақы төлеуден бас тартылды.

Сондай-ақ «Союз» ЖШС-нан талапкердің пайдасына 1 794 теңге көлемінде сот шығындары өндірілді. Жауапкерден мемлекет пайдасына 3 692 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Шешіммен келіспей жауапкер апелляциялық шағым түсірді, бірақ апелляциялық сот бұл шешімді өз күшінде қалдырды және ол заңды  күшіне енді.

               

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі