Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында «Медиация күні»  республикалық акциясы шеңберінде ашық есік күні  өткізілді.

Аталған іс-шараға кәсіби емес медиатор Е.М. Врона,  жергілікті билік өкілдері,   қорғаушылар мен жергілікті тұрғындар, сонымен қатар,  «МТК» ТА өкілі қатысты.

Сот төрағасы Қ.К. Байғаскин  сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормалары туралы, медиация тәртібімен реттелетін бітімгерлік рәсімдердің ерекшеліктері, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен   сотқа дейінгі  реттеудді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы ереженің нормаларын туралы баяндап,  қатысушылардың қызығушылық танытып қойған сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның барысында ауыл тұрғыны мүлікті мұраға алу бойынша медиацияны қолдану мүмкіндігі мәселесімен сотқа жүгінді.

Өткізілген іс-шара барысында қатысушыларға алдағы уақытта азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында медиация институтын  дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігі түсіндірілді.

Источник: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі