Соттың шешімімен еңбек өтілі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында азаматша Ш-ның еңбек өтілін анықтау жөніндегі заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, арыз беруші Ш. 17 қыркүйек 1979 жылы Ақтоғай ауданы Қоңырат совхозында 17 қыркүйек 1986 жылға дейін тігінші, 1 қазан 1986 жылдан бастап 20 маусым 1995 жылға дейін «Қоңырат» совхозында көмекші шопан, жұмыскер, ал 20 маусым 1995 жылдан 2 шілде 2007 жылға дейін «Сарыарқа» шаруа қожалығында әртүрлі жұмыс істеген еңбек өтілімдері жазылғанымен мөрлері көрінбегендіктен еңбек өтілі есепке алынбаған. Еңбек өтілін растауға өзге мүмкіншілік болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілін анықтауды сұрап сотқа жүгінген.

Сот арыз берушінің ұсынған дәлелдемелерін зерттеп, куәлардың жауаптарын тыңдап, арыз берушінің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі