Сәтбаев қалалық сотымен азаматтық іс жеңілдетілген өндіріс тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен аз.А.-ның талап-арызы бойынша аз.Ж.-тан қолхат бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер аз.Ж. талапкер аз.А.-дан жүз мың теңге мөлшерде қарызға ақша алып, оған қарызды белгіленген мерзімде қайтарып беретіні жөнінде қолхат жазып береді. Бірақ, жауапкер жоғарыда аталған келісімнің шарттарын орындамай, қарызын қайтарып берген жоқ. Осыған байланысты талапкердің қарызды қайтару туралы бірнеше рет жасаған ұсыныстарына жауапкер аз.Ж. түсініктеме беруден бас тартқан.

Іс судьямен АІЖК-нің 144, 145 б. 1 т., 146 баптарының талаптарына сай жеңілдетілген өндіріс тәртібімен тараптарды сотқа шақыртусыз қаралып, жауапкерге талап-арызға жазбаша түрде пікір білдіруге мерзім берілген. Аталған мерзім ішінде жауапкер Ж-тан жүз мың теңге мөлшердегі қарызын толық мойындайтыны туралы арыз түскен.

Сот шешімімен талапкердің талап-арызы толық қанағаттандырылып, жауапкерден қарыз сомасы мен сотқа мемлекеттік баж соммасын төлеуге жұмсалған шығындар өндірілген.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы