«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын-алу және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбына семинар сабақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Іс-шараға судья Е.М.Ушбаев, сот кеңсе мамандары, Шет ауданы бойынша арнайы күзет қызметі басқармасының, Шет аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оған жағдай туғызатын кері әрекеттерді жою мәселелерін талқылап, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.

Одан кейін бас маман С.К.Жагипарова өз баяндамасында кез-келген ұлт өз тілінің ерекешелігіне қарай танылатындығын, осымен мақтан тұтатынын атап өтті. Ана тілін құрметтейтін адам- халықтың ұлттық мұрасын зерттеген адам. Өз тілін бағалайтындар, әрине өз елінің болашағына зор үлес қосады. Сот қызметкерлері мемлекеттік тілді қолдануда кешенді іс-шараларын кеңейту жөнінде шаралар қабылдайды деп өз баяндамасында айтып өтті.

Іс – шара сонында судья Е.М.Ушбаев сот мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуы тиіс екендігін атап өтті.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі