Іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)   Мирный ауылының тұрғыны аз.Ф-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот   азамат Ф.  ішімдік ішкен масаң күйінде  үйіне келіп    жанжал шығарып, жұбайын  былапыт сөздермен балағаттап, осы әрекетімен өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастағы азаматтардың тыныштығын бұзған.   Сот мәжілісінде құқықбұзушы өз кінәсін  мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін айтып түсінік берді. Жәбірленуші   құқықбұзушымен татуласуына байланысты оны  әкімшілік жауапкершілікке тартпауды сұрады.  Сот тараптардың мен прокурордың пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп,  тараптардың өзара татуласуына байланысты іс бойынша өндірісті қысқарту туралы қаулы  шығарды. 

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі