Теміртау қалалық сотында мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қалалық сотында Конституция Күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен «Конституция – бостандықтың және теңділіктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге прокуратураның, адвокатураның, әкімшіліктің, әділет Басқармасының, Теміртау қаласының құқық қорғау органдарының, сонымен қатар «За единство народа, преемственность традиций и поколений» ҚБ-нің, «Институт толерантности и согласия» ҚБ-нің өкілдері қатысты.

   Осы шараны өткізу барысында дөңгелек үстелдің қатысушылары сот жүйесінің ардагерлерін Батукова Нина Васильевнаны және Слесарчук Александр Григорьевичты құттықтады, содан соң БАҚ-мен үйлестіруші судья Е.Э.Дусалиев баяндама оқыды, кейін көрсетілген тақырып бойынша маңызды сұрақтар талқыланды.

Шара соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, өз тілектерін білдірді.

Осыған байланысты БАҚ-мен үйлестіруші судья Е.Э.Дусалиев дөңгелек үстел қатысушыларына алғысын білдірді.

 

Источник: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі