Тонау процессуалдық келісім жасасу арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық соты ҚР ҚК-нің 191-бабының     2-бөлігінің 1,2 тармақтарына сәйкес (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп бірнеше рет жасалған)  В-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Оған В. қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 4 жылға  бостандығын шектеу жазасы, осы мерзімге пробациялық бақылауды белгілеу арқылы жылына 240 сағат мерзімге еңбекке мәжбүрлеу жазасы тағайындалды.

Іс материалдарынан айыпталушы В-ның көршісі А-ның үйінде бола тұра оған бірнеше рет басына соққы жасап, оның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес зорлық зомбылық көрсеткен. Алған жарақаттан жәбірленуші А. еденге құлаған. Сотталушы В. оның бетіне тағы бір соққы жасап, жәбірленушінің саусағынан алтын сақинасын жұлып алған, осы әрекетімен жәбірленушіге  жалпы сомасы 50 000 теңге материалдық  зиян келтірген.

Сонымен қатар, сотталушы В. меншікке қарсы тағы бір қылмыс жасағандығы анықталды. Бейтаныс әйелдің алтын сырғаларын құлағынан жұлып алған. Соның салдарынан, жәбірленуші Р. зардап шекті, сол құлағынан  жарақат алған, жалпы сомасы 70 000 теңге материалдық зиян келтірілген.

Басты сот талқылауы барысында прокурормен сотталушы В. арасында процессуалдық келісім жасалып, келісімге сәйкес айыпталушы В. алдын- ала тергеу кезінде өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты сезікті, айыптауды,  істе бар дәлелдемелерді дауламауға келісті.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі