Түнгі сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен алкоголь өнімдерін өткізуге байланысты ҚР ӘҚБтК 200 бабының 3 бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Аз-ша Т. түнгі дүкеннің сатушысы бола тұра, 3 шыны сыра түріндегі алкогольдік өнімді сағат 21.45 тен кейін аз.З-ға өткізгені анықталған.

Сот қаулысымен аз-ша Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Осы бап бойынша оған 10 (он) АЕК көлемінде айыппұл салынып,  30% мөлшерде жеңілдікпен 15 883 (он бес мың сегіз жүз сексен үш) теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы