Ұлытау аудандық әкімшілігінде еліміздің Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Ұлытау ауданының прокуроры К.П.Манапов, Ұлытау аудандық сотының аға сот жасауылы Х.Ержанов, Ұлытау аудандық ІІБ-нің маманы Б.Каримова және әкім аппаратының қызметкерлері қатысты.

Мерекелік жиналыс Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты орындалуымен басталды.

Салтанатты іс-шарада аудан прокуроры К.Манапов, Конституция мемлекеттің негізі екендігін, онда адамның өміріндегі барлық негізгі заңдары, сондай-ақ оның құқықтары мен бостандықтары көрініс тапқанын атап өтті.

Тәуелсіздігіміз құрылғалы Қазақстан егемендік алған жылдарынан бастап Елбасымыз, Ұлт қолбасшысы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тарихын жарқын жетістіктері мен өзгерістері Орта Азияда жалпыға танымал көшбасшыға айналды», - деді.

Қорытындылай келе, Ұлытау аудандық сотының аға сот жасауылы Х.Ержанов барлығына амандық, бақыт, денсаулық, бейбіт өмір және жақсылық тіледі.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі