Ұлытау аудандық соты өткен жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Дидар» телеарнасының баспасөз орталығында Ұлытау аудандық  сотының төрағасы  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  2017 жылдың I-ші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына «Сарыарқа», «Мысты өңір», «Шарайна», «Ұлытау» өңірі газеті редакцияларының өкілдері қатысты.

Сағатов Сәрсен  журналисттерді сот жұмысының басты статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

Сонымен, 2017 жылдың 6 айында сотпен 67 азаматтық, 75 әкімшілік және 9 қылмыстық іс қаралды. Қайтарылған және қараусыз қалдырылған талап арыздар саны айтарлықтай азайтылды. Есептік кезеңде сырттай шешімдер шығарылған жоқ. Медиация арқылы 3 азаматтық және 1 қылмыстық іс қаралды.

Тергеу судьясымен 21 талап-тілек, өткен жылдың есептік кезеңінде 17 талап-тілек қаралған.

С.С.Сағатов, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыруға, істерді қарау мерзімін сақтауға, сот отырысының уақытылы басталуы мен сот актілерінің уақытылы берілуі және дауларды медиация тәртібімен шешу аясын кеңейтуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарының сақталуына ерекше назар аударатынын айтты.

Баспасөз-конференциясында сот төрағасы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. 

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі