Ұлытау аудандық сотымен заңды факт анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Т. сотқа арызбен жүгініп, 1970 жылдың 1 сәуірінен 30 қыркүйек айына дейін Ұлытау ауданды, Жезді кент байыту фабрикасында жұмыс істегенін негіздеді. Бірақ еңбек өтілімін есептеу кезінде, сол фабрикада жұмыс жасаған кезең қосылмаған, себебі еңбек кітапшасында жұмыстан шығу туралы жазба болмаған.

Өз негіздерін және берілген талабын дәлелдеу мақсатында арызданушы сотқа еңбек кітапшасын және мұрағаттық анықтамалар ұсынды.

Ұлытау аудандық сотымен арызданушының талабы толығымен қанағаттандырылып,  заңды факт анықталды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі