Ұлытау аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Тілін білмеген түбін білмейді» атты семинар сабағы өтті.

Баяндамашы -бас маман Д.Қабылбек мемлекеттік тіл туралы тақырыпты толық ашып, сот қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.

Ол өзінің баяндамасында мемлекеттік тілдің дамуы мен оның кемел келешегі тек әрбір қазақстандықтың қолында, қазақ тілін білу - парыз, білмеу азаматтығына сын екендігін атап өтті.

Тіл - бірінші кезекте, ұлттық сананың өсуіне апарар сара жол. Бізге мемлекет құрушы ретінде үлкен жауапкершілік жүктелгенін ұмытпаған жөн.

Семинар сабағының соңында баяндамашы семинар сабағына қатысқан мамандардың барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі