Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2017 жылдың қаңтар айында азамат Г. әкімдік ғимаратының жанында темекі шегіп, темекінің қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне лақтырмай, жерге тастаған, осы әрекетімен айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзған.
Жазалау шараларын және жазалау түрін анықтау кезінде сот кінәлінің жеке басын, ауыр қылмыс жасағандығы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуын, жазалау орынында нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтегенін, белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмегенін, сонымен қатар бірнеше әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескерген. Тұратын орны бойынша теріс мінезделеді.
Осакаров аудандық сотының қаулысымен Г. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі