Ұялы телефон ұрлағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотымен М-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М. жәбірленуші Б-ның үйінде бола тұра, жатын бөлмедегі үстелдің үстінде жатқан ұялы телефонын көріп қалып, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатымен, өзінің іс әрекетін ешкім бақылап отырмағанына көзі жетіп, ашық түрде, құңы 120 000 тұратын маркасы «iPhone 4S» ұялы телефонын, 700 теңге тұратын операторы «Билайн» сим.кармасын және 1000 теңге тұратын қуат беру құралын жасырын түрде жымқырған. Содан кейін, қылмыс жасаған жерінен жасырынып, қылмыстық іс әрекетімен жәбірленуші Б-ге жаплы құңы 121700 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы М. жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан оны қатаң жазаламауын сұрады.

Сот отырысында жәбірленуші Б. сотталушы М-ге заңмен көзделген неғұрлым қатаң жаза қолдануды, сонымен қатар 121 700 теңге көлемінде азаматтық талап арызды қанағаттандыруды сұрады.

Сот үкімімен сотталушы М. қылмыс жасауда кінәлі деп  танылды, оған мүлкін тәркілеусіз 1 жыл 6 ай мерзімінде, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 44 б. сәйкес, пробациялық бақылау орнатылды.

Жәбірленуші Б.-нің азаматтық талап арызы толықтай қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі