Велосипед ұрлағаны үшін бас бостандығынан шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Молодежный кентінің тұрғыны ҚР ҚК – нің 188 бабы 1 бөлігі бойынша (ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) мүлікті тәркілеумен 1 жыл 6 айға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Соталушының велосипед  ұрлағаны анықталды.

Соталушы өз кінәсін мойындады, істеген әрекетіне өкініш білдірді. Жәбірленушіге келтірілген залалын өтеді, алайда жәбірленуші үкім шығаруды талап етті.

Сот үкім шығаруда жеңілдететін мән-жайларды назарға алды, іс бойынша жазаны ауырлататын мән жайлар анықталмады.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі