«Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» тақырыбында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен «Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» тақырыбында БАҚ –на брифинг өткізілді.

Шараға сот төрағасының м.а. Е.М.Боранбаев, «Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ заңгері Қ.Түсіпов, «Қарқаралы» газетінің тілшісі Б.Даутанқызы, соттың бас маманы Ж.Абдрахманова қатысты.

Шараны төрағаның м.а. Е.Боранбаев ашып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабынан үзінді келтірді: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Брифинг барысында аудан бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері көтеріліп, аудан әкімі аппаратының өкілі Қ.Түсіпов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Е.Боранбаев әйелдердің тарапынан түсіп жатқан  неке бұзу, алимент өндіру туралы талап арыздары тұрақты түрде басым екені туралы, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы республика бойынша жүріп жатқаны туралы тілге тиек етті.

Брифингке қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, тілшінің сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі