Жанұялық жанжал үшін 10 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Азамат А. өзінің қарындасына қатысты жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, ар-намысына нұқсан келтірген. Жанұялық жанжалды азамат А. бір жылда екі рет қайталаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге қамақ түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз орталығы