Жанұялық жанжал үшін 3 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2  аудандық соты құқық бұзушы Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Д. өзінің анасымен жанжал шығарып, оған сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 3 тәулік мерзімге қамау түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі