Жеке айыптаушы сотталушыдан кешірім сұрады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 130 бабы 2 тармағы бойынша М-ға қатысты жеке айыптау қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы Г. М-ны жалған ақпарат таратқаны үшін, WhatsApp желісі арқылы фотосуреттер мен дыбыстық хабарламалар арқылы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргені үшін айыптайды. М. кінәсін мойындамады. Іс бойынша сот- фоноскопиялық сараптамасы жүргізілді, дыбыстық хабарламаның дыбыс дикторы М. емес екені анықталды. Осыдан басқа сотта маман ретінде ССИ компьютерлік – техникалық зерттеу жетекші сарапшысынан жауап алынды. Компьютерлік – техникалық зерттеу шеңберінде белгілі телефон нөмірі болмаса, WhatsApp қосымшасы арқылы жіберілген түпнегізгі хабарламалар қай ұялы телефон арқылы жібергенін анықтау мүмкін емес екендігі түсіндірілді.

Дәлелдемелерді қарастырғаннан кейін іс бойынша жеке айыптаушы Г. М-ға қатысты айыптауынан толықтай бас тартты. Азаматтық талаптан толық бас тартып, айыпталушыдан кешірім сұралынды.

Қылмыстық іс қысқартылды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі