Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды кінәлі деп танып оған айыппұл салудың тиімділігі аз, себебі жұмыс істемейтін құқық бұзушылардың айыппұл төлейтін мүмкіндіктері жоқ.

Осындай жағдай қызының сағат 23.00 –тен кейін тұрғын үйінен тыс жерде болғаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған Закарменның басынан өтті.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қарап  Закарменнің жұмыс істемейтіндігін, алкоголь ішімдіктерін ішіп, мезгілімен ішімдікке салынып кететіндігін, оның 17 жастағы қызы өз күнін өзі көріп, үйден кетіп, жарты жыл құрбысында тұруға мәжбүр болғандығы анықталды.

Кәмелетке толмаған Д. даяшы болып жұмыс жасап, өзіне киімдер сатып алады. Колледж берген мінездеме мен көршілерінің түсініктеріне сәйкес, Закармен қызының тәрбиесі мен біліміне мүлдем көңіл бөлмейді, пәтері адам көріксіз лас. 2017 жылы Закармен ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған, бірақ тағайындалған айыппұлды төлемеді, өзінің тәрбиесіне және қызына деген қарым-қатынасын өзгертпеді. 

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 2 бөлігімен көзделген қайталанған құқық бұзушылық жасағаны үшін Закарменді кінәлі деп танып, оған 2 (екі) тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының ІІБ Октябрь полиция бөлімінің басшысының құқық бұзушының жүріс-тұрыс тәртібіне арнаулы талаптар белгілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды, яғни Закарменға алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі және психобелсенді заттарды пайдаланбауға және оны ІІБ-не бір айда 4  рет 6 (алты) ай мерзіге профилактикалық сұхбатқа келуге міндеттеді.

Қайнар: 
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі