Балқаш қалалық сотында сот қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдар өкілінің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттың рөлін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына оқу бағдарламасының үйлестірушісі, судья А.Х.Жандильдина, үкіметтік емес ұйымның өкілінен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ісі бойынша әкім кеңесшісі Б.Б.Алимбаев, қалалық соттың кеңсе бас мамандары А.А.Жумабекова мен Ш.К.Байгаскина қатысты.

Судья Айнұр Жандильдина баяндамасында атап өткендей, іс-шараның өзектілігі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңның және сот төрелігінің маңызы мен рөлі. Сот қорғауының артықшылықтары мен құқықтарды қорғаудың басым түрлерін атап өтті. Бұл талаптар «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенцияның 1-бабында көрсетілген, осы Конвенцияның мақсаты барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет бедерлi-нүктелi Брайль қарпi арқылы мүгедектердің ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Аталған соттың бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен қамтамасыз етілгені мәлімделіп, өкілге көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ісі бойынша әкім кеңесшісі Б.Б.Алимбаев біраз мәселелерді атап өтті, оның ішінде мүгедектерге ғимараттарға кіруге жағдай жасалмаған, яғни қоғамдық ғимараттардың көпшілігінде пандус орналастырылмаған және орналастыру барысында тиісті талаптар сақталмаған, жаяу жүргіншілер өткелінде түсіріп-отырғызатын сырғымалар қарастырылмағандықтан, бордюрлар өтуге кедергі келтіруде, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасу мәселелері шешілмегенін атап өтті.

Сонымен қатар, соттың бас маманы А.А.Жумабекова «Сот кабинеті» электрондық сервисінің жұмысын толығырақ түсіндіріп өтті және құжаттарды қабылдау сәтінен бастап, түпкілікті сот шешімі шығарылғанға дейін  сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану процесін  көрнекі түрде  көрсетті. СМС-жіберу жұмысына ерекше көңіл бөлінді.

Қорытындысында дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы сот жүйесі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда жоғары тиімділігін көрсетіп отыр деген ортақ пікірге келді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі