«Қарағанды қаласы әкім аппараты» ММ-не қатысты жеке ұйғарым шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" ММ-і жауапкер "Industrial Company "Zoom" ЖШС-і мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, 1053 теңге айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша жеке ұйғарым шығарылған.

Талапкер, сот отырысының өткізілетін күні, орны және уақыты туралы тиісті түрде хабарланғанмен, сот отырысына өкіл жіберген жоқ. Сотқа өтініш түскен жоқ. Сотпен сотқа келмеу себептері негізсіз деп танылды.

ҚР АПК-нің 279 бабына сәйкес, "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" ММ-нің талап арызы  қараусыз қалдырылды.

Сот, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі осы азаматтық іс бойынша сот талқылануына қатысудан жалтарды деп тапты.

Жеке ұйғарым «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ-не «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43 бабымен белгіленген шара қолдану үшін жолданды.

 

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі