Қазыбек би аудандық сотының БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судья журналистерге рақымшылық туралы материалы бойынша сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші, судья А. Жошева «Первый Карагандинский», «31 канал» журналистеріне сотталушы А. Жакеновқа қатысты материал бойынша сұхбат берді.
Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен Айдос Жакенов ҚР ҚК 310-1 бабы 2 бөлімі «а,б» тармақтарында (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Сот қаулысымен пробация қызметі басшысының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылдың 13 желтоқсандағы №27-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы сотталушы А. Жакеновқа қатысты қолдану туралы ұсынысы қанағаттандырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі